Ресейдің премьер-министрі Владимир Путин журналистерге су жаңа «нива» көлігін көрсетіп, мақтанды. Осы үш есікті көлікті сатып алатынын Үкімет басшысы наурыз айында-ақ алдын-ала мәлімдеген болатын. Бар-жоғы 300 метр жүріп өткеніне қарамастан Путин жаңа «Ниваның» өзіне ұнайтынын айтты. Және де дәл осындай комплектациядағы көлікті кез-келген адамның сатып алу мүмкіндігі барын да ескертті.
Путиннің «Нива-Джунгли» деп аталатын жаңа көлігінің капотының астында көлемі 1,9 литрлік қозғалтқыш орнатылған. Бұрынғы «Ниваларға» қарағанда ВАЗ автозауытының соңғы үлгідегі көлігі әлдеқайда ыңғайлы әрі жылдам. ВАз-дың өкілдері болса, премьер-министрдің жарнамасы дағдарыс кезінде ресейлік көліктерге деген сұранысты анағұрлым арттыра түсетін болды деп алақандарын ысқылап отыр.