«Жасыл аймақ»: Қазығұрт ауданының елді мекендерінде сенбілік жұмыстары жүріп жатыр

Oinet.kz 24-04-2024 650

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Қазығұрт ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Елді мекендерде ағаш көшеттері отырғызылып, әктеу, бұтау шаралары жүргізілді. 

Screenshot_11.jpg

Сонымен қатар, жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланды. Одан бөлек, арық-атыздар тазаланып, күл-қоқыстар тазартылды.

Акция аясында аудандағы Қызылқия ауылы округіндегі Ынталы елді мекенінде ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындарынан жалпы 150 адам қатысты. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Жасыл аймақ»: төлебилік спортшылар сенбілікке шықты
«Жасыл аймақ»: Ордабасы ауданында жалпыаудандық сенбіліктер өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу