«Бүгінгі досым ертеңгі жауыма айналды» - Қарақат Әбілдина

Oinet.kz 16-10-2021 74825

Танымал әнші Қарақат Әбілдина дос пен туыстың қарым-қатынасы туралы жазба жариялады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

image.png

-  Осы күндері көп жайтқа ой жүгіртемін. Есейген сайын ойға бейім бола ма екен адам… Ойсыздықтан сақтасын Жаратқан. Әсіресе ағайын мен ағайынның араздасып жүргені, араның суып бара жатқаны көңілге көп қаяу салады. Дос болып, қас қылғаннан сақта Құдай. Қасқыр да қас қылмайды дұшпанына - деген ғой. Кешегі дос бүгін араз.

Достықтың сапасы түсіп, құрдастық деген сын көтермейтін заман болып бара жатыр. Бүгін былай, ертең былай.

Орыстың “от любви до ненависти один шаг” дегені нақ осы болып тұр. Бүгінгі дос ертеңгі жауыңа айналып шыға келетін уақыт. Бәрі де тез өзгеріп, тез құбылып, соның ішінде адам да мың түрленіп қорқынышты күйге еніп барады.

Қамшының сабындай қысқа өмірде ырылдасып, артысып-тартыспай әдемі өмір сүрейік. Мейірімді,кешірімді болайықшы.Көңілге кірбің салған бір жан болса жәй ғана кешіре салыңызшы… - деп жазды әнші.

View this post on Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Салтанат Бақаеваның ерсі әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды (видео)
Жазира Байырбекова 99 жастағы әжесін көрсетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу