Алмазбек Атамбаев: «Қырғыздар Мәскеуді қорғап қалған»

Screenshot_9.jpg

Қырғыздың президенті Алмазбек Атамбаев қызық адам болып шықты. Оның мәлімдемелері, сөз саптаулары көпшіліктің езуіне күлкі үйіріп жүр. Жуырда Ресейге жасаған іс-сапарынан кейін Қырғыстанның теларналарына берген сұхбатында Атамбаев:

 --Мені басты мақсатым қырғыздарды басын қосу. Мен президенттердің айдаһар болғанын қаламаймын, мен Қырғызстанның айдаһар ел болғанын қалаймын. Қырғыздар өз уақытында қағанат құрған. Оған биыл 1170 жыл толады. Бұл қағанат Байқалдан бастап Томск, Красноярскіге дейін, тіпті Тибетке дейінгі аралықты қамтып жатқан. Осыншама ұлан ғайыр аумақты бағындырған қырғыздар қазір ұлтарақтай жерде отыр. Сондықтан мен қырғыздардың кешегі мықты мемлекетін қайта қалпына келтіргім келеді. Қазіргі қырғыздардың екі жауы бар. Біріншісі жемқорлық, екіншісі мәңгүрттік. Біз өз тарихымызды білмейміз. Қырғыздар өздерінің кім екенін ұмытты. Бастары бірікпей, оңтүстік, солтүстік және ичкиликтер, аркалыктар болып бөлініп кетті. Тіпті кішкентай ауылда да бөлінеді. Мұның бәрі мәңгүрттіктің белгісі. --деді ол. 

Мәскеуге жасаған сапары кезінде Манасқа ескерткіш орнатқанын мақтанып айтқан президент:  

-- Мен Ресейдің басшыларына Манасқа өз отанында есеркіш қою жөнінде ұсыныс айттым. Өйткені Манас-ата Алтайда туылған. Оның үстіне қырғыздар кезінде Мәскеуді де сақтап қалған.

--Сіз 28 қырғыз туралы айтып отырсыз ба?--деген журналистің сауалына Атамбаев:

--Иә,  28 қырғыз ғана емес, Панфиловтың дивизиясы Қырғызстанда жасақталған. Генерал Панфилов Қырғыз КСР-інің әскери коммисары болған. Мен мәскеуліктерге осыны ескертіп, «Ей, қырғыздарға енді тиісуші болмаңдар, көздеріңді ашып қараңдар» дедім. «Сонымен бірге бұл біздің жеріміз. Ресей президентігіне кандидат азмат «азиаттар көше сыпыру үшін ғана қажет» дегенді айтыпты. Мен ол кандидатқа құдайдай табынып жүрген «деньги» сөзі түркінің «теңге» деген сөзінен шыққанын ескерттім. Мәскеуде Манасқа ескерткішті өзім үшін тұрғызғаным жоқ. Мен кетемін, ал Манас-атаның рухы Мәскеудегі, Сібірдегі, Түркиядағы қырғыз жігіттерін желеп-жебеп жүреді,--дейді қырғыздың президенті. 

Атамбаев тарихты қолдан жасағысы келеді ме? Мәскеуді қорғаған әйгілі Панфиловтың дивизиясының 1941 жылы Алматы қаласында құрылып, ондағы сарбаздар незігінен Алматы қаласы мен Жетісудің жігітерінен жасақталғаны баяғыдан белгілі емес пе?  Қырғыз президенті Манас-атасымен, Қырғыз қағанатымен қайта-қайта мақтана бергенше, «миллиондаған қырғыздар Ресейде не үшін жүр?» деген сауал төңірегінде  толғанып қойғаны пайдалырақ болар ма еді. 

Мұрағаттан: 05.04.2012


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: