ХАБАРЛАНДЫРУ

Жазылыңыз

Шәріпбек Жамалбек: Ауылға барсам жұрт жағамнан алады

adminadmin Саясат 2019-01-24 15:26:08
Жарнама орны

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларын іске асыруға Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау жөніндегі комиссиялардың бірлескен мәжілісі өтті деп хабарлайды Rgmedia.kz порталы. 

Жиын барысында облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жектекшісі Шәріпбек Жамалбекөңірдегі коммуналды қызмет саласында орын алып жатқан мәселелерді көтеріп, облыстық тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Марғұлан Марайымды қыспаққа алды. 

– Елбасы көтерген соң ғана, газдың да, судың да, жарық, жылудың бағасы төмендеп отыр, - деген Шәріпбек Жамалбек Елбасы айтпаса көптеген мәселе шешімін таппай тұра беретінін айтып, халық игілігі үшін жұмыс істеуге келгенде білек сыбанудың орнынан енжарлық танытатын шенділерге ренішін білдірді. Сонсоң:  

– Бәйдібек ауданына былтыр 1 қаңтарда газ келген. Осы күнге дейін берілмеген. Қазір ауылға барсам жұрт жағамнан алады, «уәде бересің, бірақ істелінбейді» деп. Осыған басында 1 млрд. теңге жұмсалды. Оның қайтарымы болу керек қой. Қайтару үшін газды беру керек. Газды үйдің іргесіндегі ШРП-ға дейін апарған... ШРП-дан қосып алатын жекеменшіктер.  Сол жерге апаратын адамдар әр түрлі баға қояды. Біреулер – 25 мың теңге, біреулер – 80 мың...

Марғұлан Марайым: 

– 100 мың теңге...   

Шәріпбек Жамалбек: 

– Біреулер – 100-120 мың теңге...  Бұл жерде халықтың кінәсі жоқ қой. Қазір ауылға барудан қалдық, - деп газсыз отырған аудан тұрғындарының жай-күйіне алаңдаушылық білдірді. 

Бұл өзекті сұраққта Марғұлан Марайым өз уәжін айтып ақталды.

Жарнама орны
Oinet ақпараттық агенттігі

Материалды көшіріп басқанда www.oinet.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс
Авторлық құқықты сақтаңыз

LikeПікір жазу
Пікір жазу( 0 Пікір)
   
Тексеру код: