Өзбекстанның Нүкіс қаласында жаңадан салынған мектепке дейінгі балабақшаның ашылу салтанатына ел президентінің кіші қызы қатысқан. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.
Мектепке дейінгі білім беру министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақшаның ашылу салтанатына министр Агриппина Шин, министрдің орынбасары Шахноза Мирзияева (Өзбекстан президентінің қызы) және өзге де жоғары лауазымды шенеуніктер қатысқан.
Аталған балабақшада физикалық тұрғыдан жетілмеген балалар тәрбиеленеді. Оларды әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуге үйретеді.
Президенттің кіші қызы былтыр қаңтар айында мектепке дейінгі білім беру министрінің орынбасары болып тағайындалған. Шахнозаның күйеуі - "қайын атасының оққағары".