«Өнегелі ұрпақ»: Жастар қарттар үйіне барды

Oinet.kz 29-04-2024 398

20.jpg 

Шымкентте «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында қала жастары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барды. Бұл туралы Шымкент қаласының коммуникациялар орталығы хабарлады.

Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата – әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға толы. Бұл — қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын.

Сондықтан оларға көрсетілер құрмет те ерекше болуы керек.

Өйткені, «Атаңа не қылсаң, алдына сол келеді» – дейді қазақ. Сондықтан қай уақытта болмасын үлкендерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық көрсету – дәстүрлі үрдіс, ата – бабадан жалғасып келе жатқан салтымыз.

Бүгінгі «Өнегелі ұрпақ» аталығында «Қазыналы қария – ақылы теңіз дария» атауымен іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тазалау жұмыстарын жүргізу, демеушілердің есебінен қайырымдылық көмектер көрсету жұмыстары атқарылда.

Аталған іс-шараға қала жастарымен бірге қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер және басқа да жанашыр азаматтар қатысты.

Айта кету керек, «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында мүмкіндігінше қаладағы көмекке мұқтаж қарттардың барлығын қамту қарастырылған.

Сондай-ақ,  «Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры - Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы - Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, «САМИ» ЖШС-нің бас директоры - Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды.

Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.

Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.


«Ұрпағыңа қалдырған өнегең мол»
«Өткенге құрмет—бүгінге міндет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу