Астанада мүгедектігі бар такси жүргізушісін балағаттаған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Oinet.kz 13-05-2024 476

Астанада полицейлер естіп, сөйлей алмайтын такси жүргізушісіне тіл тигізген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Көлік ішінде түсірілген видео бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болған еді. Онда көлікте жолаушы 2 ер адамның отырғаны көрінеді. Алдында отырған ер адам жүргізушінің мүмкіндігі шектеулі екенін білгенде, оған дөрекі сөйлей бастаған. Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырып, күдіктінің жауапқа тартылуын талап етті.

Такси жүргізушісіне қатысты балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материал сотқа жіберілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @newscorr

«Алғашқы неке түнінен-ақ қатал болды»: Шет ел азаматымен отбасы құрған Карина Мамаш шындықты айтты
Ұзақ күттірген Бишімбаевқа қатысы үкім шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу