«Өнегелі ұрпақ»: Әрі өнеге, әрі игі іс

Oinet.kz 28-04-2024 383

14.jpg 

Шымкентте Президеттің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында апталыққа қатысты түрлі тақырыпта іс шаралар өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Соның бірі "Достық ауласы" атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1000 ға жуық адам қатысты.

Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды.

Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі – О.Тәжібаева, Қоғамдық кеңес мүшесі – Ж.Раев, қалалық мәслихат депутаты Л.Сүлейменов, "Бал Текстиль" ЖШС-нің директоры Т.Исхаков, Сайрам тұрғын алабының ауыл биі – Х.Толаметов, үй басқарушылары мен басқа да белсенді азаматтар қатысты.

- "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында бүгін барлығымыз бір кісідей жұмылып, өз аулаларымызды тазалауға шықтық. Бұл әрі тазалық, әрі өнеге, әрі игі іс. Сондықтан барша жұрт болып атсалысу баршамыздың міндетіміз деп есептеймін», - дейді Сайрам тұрғын алабының ауыл биі Х.Толаметов.

"Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасуда.

Шымкентте де осы апта барсында соғыс және тыл ардагерлерінің, жағызілікті қарттардың шаңырағына барып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі белсенділер Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, А.Мамедов 25 үйдің тұрғыны тыл ардагері Вакуленко Антонина Ивановна және Безделев көшесі 4 үй тұрғыны Ротина Вера Ивановнаның үйінде болып, аулаларын тазалап, ретке келтіріп берді.

Соғыс жылдары тылда еңбек еткен қос қария қазір жүріп-тұрулары қиындап, үйінің шаруашылығын игере алмайтыны рас. Сондықтан, аудан басшылығы бұл азаматшалармен байланыс орнатып, қолқабыстарын тигізіп тұрады.

Бүгін де апталық барысында қариялардың үйінің аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, көмектесті.

Өз кезегінде қариялар ризашылықтарын білдіріп, жақсылық жасаған жастарға алғыс айтты.

Шымкентте апталық аясында қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедек жандарға қамқорлық көрсету бағытында тазалық жұмыстары жалғаса беретін болды.


Шымкентте «Жасыл аймақ» апталығы жалғасуда
«Таза Қазақстан»: Акцияға оқушылар да атсалысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу