«Жасыл аймақ»: Акцияға тұрғындар белсене қатысуда

Oinet.kz 24-04-2024 379

10.jpg 

 Шымкент қаласы Абай ауданында «Жасыл аймақ» апталығына аудан тұрғындарынан басқа, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандар да қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аудан аймағындағы жасыл желектердің түптері қопсытылып, суғарылып, ағаш түптері әктеліп, жаңа талдар егілді. Сонымен қатар айнала тазаланып, қураған бұталар қырқылып, қаулап өскен шөптер орылды. Ал Шымсити шағынауданында орналасқан Конгресс хол аумағына мәдениет саласының қызметкерлері әкімдікпен бірлесе 100-ден аса көшет отырғызды.

Ағаш егумен шектелмеген тазалау жұмысына қатысқан 70-ке тарта кәсіпкерлік және 60-қа тарта әлеуметтік нысан Шымсити, Асар, Тұрлан шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын да ретке келтірді. Темірлан тас жолы, Барыс базары, әуежай аумағы мен Ақмешіт аумактарындағы қаулап өскен шөптерді орып, қоқыстардан тазартты. Ауданнан жұмылдырылған 15 техниканың көмегімен 20 тонна қоқыс шығарылды.

«Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді» деген. Барлығымыз қаланың гүлденгенін қалаймыз» дейді, тазалық жұмысына қатысушылар.

Осы жерде айта кетері, жуырда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһардағы абаттандыру шараларының барысымен танысып шықты. Әкім алдымен жаңа әуежай терминалы мен теміржол вокзалының ғимаратына барып, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Сонымен бірге, Тұран ауданында магистральды жылу желісінің жағдайымен танысып, Әл-Фараби ауданында жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу жұмысын тексерді.

Сонымен қоса, алдағы жылу беру маусымында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында жауапты тұлғаларға жұмыстың сапасы мен мерзімін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Бұдан бөлек, кондитерлік өнім “Sweet ideas KZ” ЖШС, минералды су және алкогольсіз сусындарын шығаратын «Визит» кәсіпорындарда болды. Компания басшылығымен бірге өнім көлемі мен алдағы жоспарын талқылады.

Қала әкімі «Нұрсәт» шағынауданындағы аула мен көшелердің санитарлық жағдайын жаяу аралап көрді. Жарықтандыру және абаттандыру мәселелері жөнінде аудан әкімі мен бөлім басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар беріп, уақытында орындалуын тапсырды.


«Таза Қазақстан»: Акцияның іс-жоспары бекітілді
«Таза Қазақстан»: Металлургтер саябағына қараталдар егілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу