Қаратау ауданының әкіміне айыппұл салынды

Oinet.kz 03-05-2024 261

fbcd5ba9dc07b2f89c98366f584982f6_1280x720.jpeg 

Прокурорлар Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкемановқа айыппұл салды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

--Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және бюджет қаражатын игеру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Талдау нәтижелеріне сәйкес конкурстық құжаттамада мемелекеттік сатып алу бойынша заңнамада көзделмеген   талаптарды көрсету, сондай-ақ әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп заңсыз тану және өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге шара қолданбау фактілері анықталды. Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкіміне қатысты прокурорлық қадағалау актісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 207-б. 5, 7 және 10-б.б. бойынша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 332 280 теңге көлемінде айыппұл өндірілді,--делінген прокуратураның таратқан мәліметінде.

 


Жамбылдағы оқушы өлімі—мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Түркістан: «Өнегелі ұрпақ» апталығында ардагерлер үйінде сенбілік өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу