Әлсіздікті жеңудің әйгілі тәсілдері

Jan 1, 2025 - 18:12
 3
Әлсіздікті жеңудің әйгілі тәсілдері

Бүгінгі мақаламызда созылмалы шаршау кезінде көмектесіп, ағзаңызды қалпына келтіретін рецепттер тізімін ұсынамыз:

 1. Бал, алоэ және шарап.

 Мамыр айындағы балдан 600 гр араластырамыз, оған еттартқыштан өткізілген 350 гр алоэ қосамыз (кесіп алардан алдын 5 күн су құймаңыз), 650 мл қызыл шарап қосып (кагор) барлығын араластырамыз.

 Алғашқы 5 күнде 1 шай қасықтан қабылдап, содан соң күніне 3 рет тамақтанудан 1 сағат алдын, 1 ас қасықтан 2 аптадан 1,5 айға дейін қабылдауға болады. Қоспаны салқын жерде сақтаңыз.

 2. Мандарин қабығы, жалбыз жапырағы және роза гүл жапырағы (кез-келген роза).

 Бұл қоспаның өзі ғана емес, сонымен қатар иісі де ағзаға пайдалы әсерін тигізеді. 18- ғасырда орыс дәрігерлері әрбір үйде ашық құтыда осы қоспаның тұруына кеңес берген. Бұл дәрілік өсімдіктердің иісі жүйке-жүйесі ауруымен ауыратын науқастарға көп пайдасын тигізеді. Бұл қоспаның рецепті:

 Мандарин қабығының 2 бөлігін араластырып, оған 3 жалбыз жапырағы және 3 раушан гүлінің  жапырағын қосып араластырыңыз. Осы қоспадан 5 ас қасық алып, 1 л қайнаған су құямыз, 15 минут су буында тұрған соң оттан алып, 2 сағат тұрғызып қоямыз.

 Күніне 4 рет 1/3 стақаннан тамақтанудан алдын және ұйқытар алдында қабылдау қажет.

 рец 

Дереккөз : anabol.kz