Әлемдегі ең ұзын той көйлегі(фото)

Jan 19, 2025 - 11:23
 3
Әлемдегі ең ұзын той көйлегі(фото)

17 жасар Румыниялық Эма Думетриски ең ұзын той көйлегін киіп Гиннестер рекордына енді. Көйлектің ұзындығы 2 км 779 метрді құрады.  

Screenshot_11.jpg

Өтіп бара жатқан адамдардың көпшілігі бірнеше сағат бойы қалада созылып жатқан үлкен ақ матаға назар аудармаған. Рекордтық көйлек Андре сауда үйінің 10 тігіншілерінін арқасында 100 күн ішінде дайын болған. 

Screenshot_12.jpg

4700 метрлік тафета, 5 метр шантильді шілтер, 45 метр төсеу, 1885 тігін инелері және 150 жіп жұмсалған. «Lavinia Laska» сән үйі өкілінің айтуынша, көйлек құны бес жарым мың еуродан асқан.

Screenshot_13.jpg