Әкім Әйтенов қызметінен кетпейді

Jan 8, 2025 - 12:31
 1
Әкім Әйтенов қызметінен кетпейді

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтеновтың қызметінен кеткелі жатқанын жоққа шығарды. 

-Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жариялануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сондай-ақ қазір қала әкімі М. Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды,-делінген ресми мәліметте.