Ұл менікі, өз ұлымның атеистік жолда жүргенін қалаймын

Jan 5, 2025 - 05:17
 4
Ұл менікі, өз ұлымның атеистік жолда жүргенін қалаймын

Ұлымның ұялы телефонына көзім түсіп кетіп еді, экранында арабша жазылған жазуларды көрдім. Жүрегім шым етті. "Уағыз тыңдап жүрсің бе?!",- деп гүр етіп едім. Сасқалақтап қалды да, ақталуды білмейтін мінезімен, "иә" дегендей басын изеді.

Телефонынан барлығын өшіріткіздім де, өз "уағызымды" оқи бастадым.

"Дінің - Ар, құдайың - Ұят" болсын деймін ғой. Менің жасыма жеткенде, молдалардың сөзі - бос мылжың, күнкөріс және бас пайда екенін ұғасың деп жатырмын.

"- Құдайға сенемін, шіркеуге сенбеймін!",- деуші еді британдық музыкант Стинг.

Әртіс әрі әнші, қоғам қайреткері және филантроп Стинг СВЕнің мынадай әңгімесі бар.

Шіркеу ұғымында исповедь деген бар. Ол - тәубаға келу н/е күнәсін ашып айтып, күнәдан арылу.

Сонымен Стинг былай дейді;

"Мені 7 жасымда тұңғыш рет шіркеуге апарды.  Шіркеу қызметшісіне күнәмді айтып, тәубама келу үшін. Жеті жасар сәбиде қандай күнә болуы мүмкін?! Бұндай жас кезінде, сәбилер күнәлі іс-әрекетті білмейді де. Бірақ, шіркеуге кірген кезімде, менің қолыма ұзын-сонар күнәнің тізімін ұстатты да, шіркеуде: "- мен шындықты айтып, күнәмнан арылғым келеді!",- деп айтқызды.

Жеті жасымда шіркеудегі өтірікпен бетпе-бет келуім, мені, есейе келе діннен алыстатып жіберді!",- дейді музыкант.

Ұл менікі - менің ұрпағым!

Жан - жағым толы сәләфи, уахаби, т.б діни ағымдарға толы қоғамда, мен, өз ұлымның атеистік жолда жүргенін қалаймын.

Арын - дін етсін!

Ұятын - құдайым деп танысын!

Мен өлгенде, менің сүйегімді қорадан шығарса да, басыма құран оқымаса да рұқсат!

Суретте британдық музыкант Стинг.

Қайырғали Сыдиыхұлы

Facebook парақшасынан