Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі автокөліктер салықтан босатылмақ

Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі автокөліктер салықтан босатылады, деп хабарлайды Oinet.kz порталы LS-ке сілтеме беріп. 

Dec 29, 2024 - 14:18
 0
Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі автокөліктер салықтан босатылмақ

Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі автокөліктер салықтан босатылады, деп хабарлайды Oinet.kz порталы LS-ке сілтеме беріп. 

"Қозғалтқышының көлемі 3 мың текше сантиметрге дейінгі автокөліктер үшін салықты алып тастау мен салықты бензин құнына қосу жағы да қарастырылуда. Бұл шара ұлттық табысты әділетті бөлу тетіктерінің бірі болады деп санаймыз", - деді министрлік өкілдері.

Министрлік сонымен қатар сыра мен қыздырылатын темекі өнімдері, никотині бар сұйықтықтар сияқты әлеуметтік зиянды өнімдерге акциздік ставкаларды көтеруді, сондай-ақ қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне салықты көтеруді ұсынады.

Бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесін модернизациялау туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, ЖІӨ мен халықтың табыстарының өсуіне қарамастан, Қазақстанның қоғамында мүліктік алшақтық күшейіп отыр.