Қағаз кескен саусақ неге қатты ауырады?

Jan 22, 2025 - 16:28
 4
Қағаз кескен саусақ неге қатты ауырады?

Байқаусызда саусағыңызды қағаз тіліп кетсе шыдатпай ауыртады. Әрі жараның орны да біразға дейін жазылмай жүреді. 

Оның басты себебі мынада екен. Қағаздың қыры мінсіз тегіс емес, сондықтан олар тіліп кетуге бейім. Бұған қоса, қағаз кесіп кеткен жарақаттар аса қатты терең болмағандықтан, жарақаттанған жерлерде қанның ұюы, беріштердің қалыптасуы секілді ағзаның табиғи қорғаныс механизмі белсенділік танытпайды. Соның салдарынан саусақ басындағы жарақаттанған жүйке талшықтары ашық күйде қалады. Сол себепті жара кеш бітеді екен.