Қазақстан Даму банкінің басшысы зейнетақы қорының құрылуын қателікке теңеді
Қазақстан Даму банкінің басшысы Болат Жәмішев Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының құрылуын қателікке теңеді деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Қазақстан Даму банкінің басшысы Болат Жәмішев Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының құрылуын қателікке теңеді деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Мұндай мәлімдеме KASE-тегі дәрісте айтылды.
"БЖЗҚ құру қате болды деп ойлаймын", - деді ҚДБ төрағасы. Жәмішев қорға зейнетақы активтерін басқаруды бақылауға мүмкіндік беру керек екенін айтты.
"Бұл жағдайда оның өкілеттігі өте кең болуы мүмкін", - деді ол. Ал, БЖЗҚ-да Болат Жәмішевтің сөзіне түсініктеме беруден бас тартты.
Олар қордың зейнетақы активтерін басқармайтынын, тек салымшыларға жинақталудың жай-күйі туралы ақпарат беретін оператор ретінде әрекет ететінін түсіндірді.
Телеарна хабарлағандай, 1 сәуірде Қазақстан азаматтарының зейнетақы активтері шамамен 10 трлн теңгені құрады. Жыл басынан зейнетақы жинақтарының кірістілігі 11,5%-ға жеткен.