Қалай жарқын жүзді адам болуға болады?

Dec 31, 2024 - 07:04
 3
Қалай жарқын жүзді адам болуға болады?

Сіздің көңіл- күйіңіз басқаларға да әсер ететіні анық сондықтан да , бір күн болса да жарқын жүзді болып жақсылық жасаңыз. Жаныңыздағы адамдарға қуаныш сыйлап көңілдерін көтеріңіз тіпті құшақтап жақсы сөз де айтыңыз.

Жарқын жүзді болғыңыз келсе психологтың кеңесіне құлақ түріңіз:

  • Күлуге құштарлану, жаныңыздағы жандарға керемет ауа-райын сыйлайды.

  • Жарқырап көріну үшін де, әдемі жан дүниеңізді көрсете білуіңіз қажет.

  • Сізді сыйлаған жанды құрмет тұтыңыз, сыйлық жасаңыз.

  • Бір күнде он жақсы сөз айтыңыз, жақын жандарға көңіл бөліңіз. Көңілін көтеріңіз.

  • Әңгіме барысында жаныңыздағы жанның көңіл-күйі түсіп тұрса, жағдайын сұрап  көңілін көтеріңіз.

  • Сіз өзіңіз айналаңызға жарқын болып күліп жүрсеңіз басқа жандар да, сізге қарап бой түзеуі де мүмкін.

  • Көңілді жүруіңіз басқа жандарға да әсер етеді мысалы: сіз көңілді сәтіңізде көңіл-күйі жоқ жанның көңілін көтеріп жақсы сөз айтсаңыз солда оған жұбаныш әрі алданыш.

  • Бәрінен де көңіл қымбат, көңіл қалса адамда кекте сатқындық пайда бола басатайды.

  • Бір күнде бір жақсылық жасаңыз.

  • Ұнатқан жаныңызды жақсы сөзбен қуантыңыз.

  • Ең қымбат асыл дүние ашық жүзділік пен әдемі күлкі.

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz