Ғашық жандарға кеңес
Бар ма екен табиғаттан нәзік нәрсе,
Тоймайды адам жаны оған мүлде.
Сырлассаң сүйгеніңмен емін-еркін,
Жүрегін «сен сақта!»деп саған берсе.
Иса Байзақов
Екі жанды бір-біріне ынтықтыра түсетін, ғашықтық сезімі отты алау секілді,өшуі қиын болса да, шоғы жүректе қалатын мәңгілік сезім.
Ендеше ғашық жандарға ұсынар кеңестер:
-
Сүйген жанды ренжітпеуге тырысыңыз.
-
Шын сүйсеңіз айтыңыз,қатты жақсы көрсеңіз құшақтаңыз.
-
Құшақтау арқылы адам жаны жылынады әрі,қарай сағыныш секілді сағынып тұрасыз.
-
Ренжітуге жағдай жасамаңыз.
-
Жібектей жұмсақ сөз, тас жүректі де жібітеді.
-
Жұмсақ болуға тырысыңыз.
-
Сізді құрметтеп сүйсін десеңіз,сізде сондай жағдай жасауыңыз шарт.
-
Махаббаттың да, адамның өмірі секілді,өзінің даму заңдары,өзінің өмір жасы болады.Оның да құлпырған көктемі,жалынды жазы,ақырында:кейбіреулер үшін шуақты,нұрлы да жемісті,екінші біреулер үшін сұп-суық,шірік те жұтаң күзі болады. (В.Г.Белинский)
-
Әйел еркектің қабырғасынан жаратылған.Егер қисық қабырғаны түзетем десең,сындырып аласың.Сондықтан онымен ұғынысып өмір сүр,сонда бірге тұра аласың. (Хадистерден)
-
Егер ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің құлқын,әдеттері мен мінездерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес. (О.Бальзак)
-
Құшақтау арқылы арадағы салқындықты шешуге болады.
-
Айтар сөзіңіз болса айтыңыз,тек жан жүрегіне ауыр тимесін.
-
Сыйлық жасап тұрыңыздар,арада сыйластық пен жылуылық пайда болады.
-
Сізді ренжітсе үндемеуге тырысыңыз,үндемеу даналықтың белгісі.
-
Арсылдап ұрыс ідеп тұратын қыздарды ер жігіттер ұната бермейді.
-
Әйел заты болып жаратылғандықтан нәзік болуға,ұялшақ болу өз табиғатынан.
-
Ер жігіттер атыңызға да мән береді,өз атыңызға затыңыз сай болсын.
-
Сүйген жаныңызға ерекше аттар ойлап табыңыз,жаным,күнім деген сөздерден ерекшесін.
-
Шын сүйсеңіздер соңына дейін бірге болыңыздар.
-
Адалдық адал махаббат, әр жанға қымбат асыл болып табылғандықтан адал болыңыздар. Адалдық-ерлі-зайыптылар ауызбіршілігінің айқын белгісі. (Д.Фонвизин)
-
Сүйген жанды қалтасына қарап емес жүрегіне қарап бағалаңыз.
Дереккөзі: Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлы Әдептану
Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы