Жұбыңызды киіміне қарап тани біліңіз
Киіміне қарап та аңғаруға болады...
-
Еркек адам ақ түсті көйлекті жақсы көретін болса,онда иманды,ұқыптылықты сүйетін жан болғаны. Киіміне қарап та аңғаруға болады....
-
Еркек еркін пішінді, алпы-салпы киімдер киетін болса, онда оның қарапайым, жұпыны және тұйық болғаны.
-
Еркек қысқа балақты шорты мен кеудеге қапталып, әрең сиятын майка киюді ұнататын болса, онда оның жалқау, дөрекілеу, менсінбейтін, ұятсыздау, қымсына қоймайтын адам болғаны.
-
Қандай да болсын әшекейлендірусіз, қатаң үлгідегі бәтеңкені ұнататын еркек-мықты, денсаулығы күшті, құнтты, үнемді жіне жаңа идеяларды ойлап тапқыш болады.
-
Еркек ұзын жеңді көйлекті айрықша ұнататын болса, онда оның жанжалшылдау және кінәшілдеу, шаншылдау болғаны.
-
Қысқа жеңді көйлекті ұнататын еркек өмірге жеңіл қарайды және әртүрлі шарттылыққа, дәстүрге онша мән бере қоймайды.
-
Күн сайын бір ғана галстукты тағып жүретін немесе күн сайын бір пішімді, бір түсті костюм киіп жүретін еркек әдетте еңбекқор және іздемшіл, шығармашыл болып келеді.
Аяғына да көз салыңыз....
-
Өкшесі біздей,сүйір түйреуішті аяқ-киімді ұнататын нәзік жанды өзінен ештеңені аямайтын,ештеңеден құр қалмауға, өмірден кейіндеп қалмауға әдеттенген әйел.
-
Әйелдің аяғында «әскери үлгідегі» ауыр бәтеңке болса, онда мұндай қыз айтарлықтай пысық, қажырлы және мақтан құмарлау болып келеді екен.
-
Қайық-туфлиді ұнататындар барлық кезде және барлық жерде жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп жүруді мұрат тұтады. Сондай-ақ, олар қалай өмір сүруді біледі және көздеген мақсатына ұдайы жетіп отырады.
-
Бауы байланған етікті әйел жұрттың өзіне назар аударуын қалайтын және өзі осыған мейлінше тырысып бағатын жан.
-
Спорттық аяқ-киіммен жүретін қыздар ер мінезді болады.
Мұрны да мол мағлұмат береді....
-
Сондай-ақ сүйгеніңіздің денесі болмашы жағдайда қызарып жүретін болса, онда оның қу болғаны.
-
Мұрнының ұшы жоғары көтерілгендерге жоламағаныңыз жөн. Ондай жандар жалқау, алға қарай ұмтылмайтындар. «Алма піс, аузыма түс» деп әрекеттенбей, ауырмаған жамбаспен жата беретіндердің нақ өзі.
-
Мұрнының ұшы жуан адамдар қай істі де баяу қимылдап атқарады.
-
Ал, керісінше жіңішке болса, ашуы қатты болғаны.
Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
Дереккөз : anabol.kz