Жүктілікке байланысты түнгі ауысымнан күндізге ауысуға бола ма?

Jan 4, 2025 - 02:48
 4
Жүктілікке байланысты түнгі ауысымнан күндізге ауысуға бола ма?

Сұрақ: Мен тігін шеберханасында түнгі ауысымда жұмыс жасаймын жүкітілігіме байланысты күндізгі ауысымға ауыса аламын ба ?

Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 76-бабы сәйкес, сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа: Жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйел жіберілмейді. Яғни сіз анықтаманы ұсыну арқылы күндізгі ауысымға ауыса аласыз.