Жуынуға арналған косметикалық құрал бастапқыда қандай мақсатта қолданылған?

Jan 18, 2025 - 15:54
 4
Жуынуға арналған косметикалық құрал бастапқыда қандай мақсатта қолданылған?

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Қыз-келіншектердің косметикалық қорапшасында міндетті түрде мицелла ерітіндісі (гидрофильді және су жұқпайтын (гидрофобты) қасиеттері бар микробөлшектер) кездеседі. Ол беттегі макияжды сүртуге арналған. 

Ал сіз білесіз бе, бастапқыда ғалымдар мицелласы бар ерітінділерді қышымасы (экзема) және теңге қотыры (псориаз) бар балаларға арнап ойлап тапқан екен. Содан соң өндірушілер оның құрамын ары қарай өңдеп, одан жуынуға арналған косметикалық құрал шығарды.  

Бұл құралдың құрамында спирт те, сабын да жоқ. Ол 95 пайыз судан, 5 пайыз қосымшалардан (мицеллалар, өсімдіктер сығындысы, минералдар және хош иістендіргіштер) тұрады.