Жындыхана «тұрғындары»

Jan 22, 2025 - 13:00
 1
Жындыхана «тұрғындары»

Жүйке жүйесі сыр берген жандарды емдеуге арналған мекеменің пациенті атану «оңай» емес. Себебі диагнозың тура келу керек. Ал ХІХ ғасырдың аяғында АҚШ-та адамдар «жындыханаға» болмашы себептермен жатқызыла беріпті. 

Мәселен, қоғамдық ортада тәртіп бұзған, араласатын ортасы нашар, әдеби шығармаларды көп оқитын, әдет-ғұрыпты қатты ұстанатын, әке-шешесі ағалы-қарындасты болған, тіпті жылқы жануары басын иығына қойған адамдар психиатриялық клиниканың «тұрғыны» атанған. Сондай-ақ күйеуіне жақпай қалған, ерін жалықтырған әйелдер де ауруханаға жатқызыла берген. Статистикалық мәліметтер бойынша сол кезеңде «жындыхана» науқастарының  басым бөлігін әйелдер құраған екен.