Жындыхана «тұрғындары»
Жүйке жүйесі сыр берген жандарды емдеуге арналған мекеменің пациенті атану «оңай» емес. Себебі диагнозың тура келу керек. Ал ХІХ ғасырдың аяғында АҚШ-та адамдар «жындыханаға» болмашы себептермен жатқызыла беріпті.
Мәселен, қоғамдық ортада тәртіп бұзған, араласатын ортасы нашар, әдеби шығармаларды көп оқитын, әдет-ғұрыпты қатты ұстанатын, әке-шешесі ағалы-қарындасты болған, тіпті жылқы жануары басын иығына қойған адамдар психиатриялық клиниканың «тұрғыны» атанған. Сондай-ақ күйеуіне жақпай қалған, ерін жалықтырған әйелдер де ауруханаға жатқызыла берген. Статистикалық мәліметтер бойынша сол кезеңде «жындыхана» науқастарының басым бөлігін әйелдер құраған екен.