Жарасқан Әбдіраш. «Тілашар»

Әліппе алып, Әріп танып, Тіл сындырдым, Өліп-талып...

Dec 24, 2024 - 21:40
 0
Жарасқан Әбдіраш. «Тілашар»

Әліппе алып,

Әріп танып,

Тіл сындырдым,

Өліп-талып...

Тағы да той жасап атам,

Талап қойды аса қатаң:

– Беліңді бу –

Қиындарға!

Білімді қу –

Миың барда!

Қолын жайып атам енді,

Маған былай бата берді:

– Қиын жолда,

Миың барда,

Түсірмесін сыйыңды Алла!

– Бола көрме осал! – деді. –

Үздік оқып, «Бес» ал! – деді.

Орындаймын мен талабын,

«Бес» емес-ау – «Алты» аламын!