Жанат Тәжиева қызметінен кетті

Jan 8, 2025 - 13:54
 1
Жанат Тәжиева қызметінен кетті

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қызметінен кетті. Бұл туралы ол фейсбуктегі парақшасында жазды.

   -Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы қызметімді бүгін аяқтадым.

Әр саланың өз орны бар. Дегенмен, білім саласының жүгі де, жауапкершілігі де өте жоғары. Жалпы 38 жылдық еңбек өтілімнің 18 жылын мұғалімдік, 20 жылын мемлекеттік қызметте атқардым. Осы аралықта қаншама сындар мен сынақтар болғанымен шыңдала түсіп, Өзіме жүктелген міндетті аса жауапкершілікпен атқардым.

Шымкент қаласы білім саласының дамуына, Республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінуіне атсалысқан әріптестеріме, қала тұрғындарына алғысым шексіз! –деп жазған Ж.Тәжиева.