Жамбылдағы оқушы өлімі—мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Jan 8, 2025 - 17:45
 2
Жамбылдағы оқушы өлімі—мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында  8 сынып оқушысы қаза тапты.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.