Запорожье, Херсон, ДХР, ЛХР Ресейдің құрамына кірді

Jan 8, 2025 - 01:01
 2
Запорожье, Херсон, ДХР, ЛХР Ресейдің құрамына кірді

Донбасс республикаларында, сондай-ақ Запорожье және Херсон облыстарында аймақтарды Ресей Федерациясының құрамына қосу мәселесі бойынша референдумда дауыстарды санау аяқталды деп хабарлайды RT. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ДХР-да хаттамалардың 100 пайызы өңделгеннен кейін азаматтардың 99,23 пайызы қолдап, Луганск Халық Республикасында – 98,42 пайызы, Запорожье облысында – 93,11 пайызы, Херсон облысында – 87,05 пайызы дауыс берген. 

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев дауыс беру нәтижелеріне түсініктеме бере отырып: 

«Референдум аяқталды. Нәтижелері анық. Ресейге қош келдіңіз!» - деп жазды.