Валуев Головкин мен Деревянченконың арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты

Jan 5, 2025 - 15:42
 3
Валуев Головкин мен Деревянченконың арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Николай Валуев алдағы Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегінде кім жеңіске айтты. Оның болжамын "Рейтинг букмекеров" басылымы жариялады деп xабарлайды Oinet.kz

Валуев бұл кездесуде егер қазақстандық жеңіске жетсе онда ол Сауль Альвареспен қайта жекпе-жекке шығуға мүмкіндік туады дейді. Дегенмен, ресейлік экс-чемпион Альваврестің Головкинмен кездесе қоюы екіталай екендігін айтты.

Валуевтың пікірінше, украиндық боксшыны бекерге "теxнарь" демейді. Деревянченко шаршы алаңда мүлдем қателік жібермейді десе болады. 

- Бірақ, Деревянченко Головкинге айтарлықтай қиындық тудыра қоймайды, - деді Валуев.  

Сонымен қатар, ресейлік боксшы Головкиннің жаңа бапкерлік құрамымен болған дайындықтан соңғы кездесуін көргісі келетінін мәлімдеді. 

- Бұл кездесуде төрешілер шешімі жеке-жеке болғанымен, жеңіс Головкинге бұйырады. Головкин мен Канелоның арасындағы үшінші жекпе-жекті көреміз деп үміттенемін, - деді Валуев.