Украинадағы әскери операцияларға АҚШ қатыспайды
- OINET.KZ - Конгресс алдында сөйлеген сөзінде Джо Байден АҚШ әскерлері Украинадағы Ресей күштерімен қақтығысқа қатыспайтынын айтты деп жазады CNN.
- "Түсіндіріп берейін: біздің күштеріміз Украинадағы Ресей әскерлерімен қақтығысқа қатыспады және қатыспайды", - деп атап өтті Ақ үй басшысы.
- Оның айтуынша, американдық әскерлер Еуропаға жіберілді. Байден бұның Ресей әскерлері батысқа қарай жылжуды жалғастырса НАТО одақтастарын қорғау үшін қажет шара екенін түсіндірді.
- "Осы мақсатта, біз НАТО елдерін қорғау үшін американдық құрлық күштерін, авиациялық эскадрильяларды, кемелерді жұмылдырдық", - деді Джо Байден.
- Конгресстегі сөзінде Байден Американың Әділет министрлігі Путинді қолдайтын ресейлік олигархтарды қудалайтынын айтты. Содан кейін Джо Байден ресейлік ұшақтарға АҚШ әуе кеңістігін кесіп өтуге тыйым салатынын мәлімдеді.