​Түркістан қаласындағы учаскелерде ұлттық қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылуда

Jan 12, 2025 - 23:27
 5
​Түркістан қаласындағы учаскелерде ұлттық қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылуда

Түркістан қаласындағы №931 дауыс беру учаскесінде ұлттық қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, келушілерге мастер-класс өткізіліп жатыр. 

Жәрмеңкеде шеберлер ағаштан жасалған ұлттық аспаптар мен былғарыдан тігілген бұйымдарды тұрғындардың назарына ұсынды. Сондай-ақ, қыш-құмыралар мен картиналар көрмеге қойылды.

Айта кетейік, дауыс беру - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі