«Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар

Jan 12, 2025 - 18:34
 7
«Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар

Түркістан қаласындағы Түркістан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының құрылысы жұмыстары бойынша 40963,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. 

Атап айтқанда:  Жоба сметалық құжаттамада көрсетілмеген жұмыстар орындалған жұмыс туралы ф№ 2 актісіне толтырылған. Жоба сметалық есептеріне хаттама әзірленгенімен сметаларына өзгерістер енгізілмей шатырда керамзиттің орнына басқа материалдар пайдаланылған. Сондай-ақ, 459 шаршы метр фальш-пол орнатылмаған. Осы атқарылмаған жұмыс көлемдері орындалған жұмыс туралы ф№ 2 актісіне толтырылып, тапсырыс беруші тарапынан қабылдап алынған.

Н.Копбосынов,

Бас маман мемлекеттік аудитор