Түркістан облысы жаңа жылды жаңа әкіммен бастамақ

Jan 4, 2025 - 16:48
Jan 4, 2025 - 16:51
 347
Түркістан облысы жаңа жылды жаңа әкіммен бастамақ

Түркістан облысы жаңа жылды жаңа әкіммен бастайтын түрі бар. Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақордада Түркістан мен Қызылорда облыстарының әкімдерін ротациялау туралы мәселенің қаралып жатқаны жазылып еді. Осы  расқа айналатын сияқты. 
Тәртіпке сәйкес  облыс әкімі болуға ұсынылған кандидатураға облыстық мәслихат депутаттарының келісімі алынуы тиіс. Соңғы жылдары енгізілген тәртіп бойынша  Президент екі кандидатураны ұсынады. Депутаттардың көп дауысын алған үміткер облыс әкімі болады. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда, бүгін облыстық мәслихат депутаттарына алдағы бір-екі күнде облыстық мәслихат сессиясының  өтетіні ескертілген. Мұның тегін еместігі айтпаса да түсінікті. 
Әзірге облысқа әкім болуға қандай кандидатуралардың ұсынылғаны, облыс басшысы Дархан Сатыбалдының қандай қызметке ауысатыны белгісіз.
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына 2022 жылдың тамызында тағайындалған болатын.