Түркістан: "Бухгалтерлер ісі" бойынша 123 қызметкер айыпталуда

Jan 8, 2025 - 19:10
 3
Түркістан: "Бухгалтерлер ісі" бойынша 123 қызметкер айыпталуда

Бүгінгі күні Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы Түркістан облыстық прокуратурасы хабарлады.

Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды.