Туристер ең жиі баратын елдер

Jan 18, 2025 - 14:28
 3
Туристер ең жиі баратын елдер

Бірінші орын – Францияда. Жылына бұл елге 76 миллионнан астам турист келеді екен. Әрине, көпшілігі әйгілі Эйфель мұнарасын көруге асығады. Париждің басқа да қызықты жерлері көп: Лувр, Луара сарайы, Елисей алаңдары. Екінші орынға Америка Құрама Штаттары жайғасыпты – жылына 69 миллион турист. Әрине, атақты Америкаға кім барғысы келмейді? Нью-Йорк, Лас-Вегас, Майями.... қысқасы, аралайтын қалалар аз емес. 

Шығыстағы көршіміз – Қытайға жыл сайын 57 миллионға жуық адам барады. Көбісі - экзотикалық демалыс іздейтіндер.  Төртінші орындағы Испанияға жыл сайын 52 миллионнан астам шетелдік азамат келсе, олар бірінші кезекте Барселона, Андалузия мен Кастилья  қалаларын  аралауға құмар. 

Сондай-ақ, туристерді ең көп қабылдайтын елдердің қатарына Италия, Түркия,   Мексика, Ұлыбритания, Германия мен Малайзия кіреді.  

Қазақстанға қатысты нақты дерек жоқ. Жыл сайын елімізге 7 миллионнан астам шетелдік азамат кіреді деген мәлімет таралғанымен, олардың барлығын турист деп айтуға аузымыз бармайды. Әлбетте, басым бөлігі жұмыс іздеп  немесе ағайын-туыстарына қонаққа келгендер. Ал нақты  демалу үшін Қазақстанға арнайы ат басын бұратын шетелдік  туристердің саны орта есеппен  30-40 мың адамды ғана құрайды. 

Туристер ең жиі баратын елдер:

(адам  саны)

Франция  76,8 миллион 

АҚШ   69 миллион

Қытай   57  миллион

Испания   52,7 миллион

Италия   43,6 миллион 

Түркия    37 миллион  

Мұрағаттан, 2016 ж