Тоқаевтың тапсырмасын орындамаған вице-министр қызметінен босатылды

Jan 7, 2025 - 23:15
 1
Тоқаевтың тапсырмасын орындамаған вице-министр қызметінен босатылды

Берік Қамалиев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Батыс Қазақстан обылысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін Қазақстан республикасы үкіметінің қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Берік Қамалиев премьер-министрдің кеңесшісі, көлік және коммуникация министрлігінің көлік және инфрақұрылым даму комитетінің төрағасы, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, көлік және коммуникация министрі, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған.