Тоқаев: Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру

Jan 7, 2025 - 23:55
 1
Тоқаев: Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру

Мемлекет басшысы Түркия астанасы Анкарадағы жиында яғни, іскерлік топтар алында сөйлеген сөзінде Жаңа Қазақстанды құруға кіріскенін айтып, саяси жүйені толық жаңғыртатынын жеткізді. 

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан "Суперпрезиденттік" басқарудан мықты парламенті бар президенттік республика жүйесіне біртіндеп өтетінін атап өтті. 

"Бесінші маусымда жалпыхалықтық референдум өткізілетін болды. Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі. Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын", - дейді мемлекет басшысы.