Тоқаев коронавирустан қайтыс болған кісінің туған-туыстарына көңіл айтты

Jan 7, 2025 - 13:03
 1
Тоқаев коронавирустан қайтыс болған кісінің туған-туыстарына көңіл айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирустан қайтыс болған кісінің туған-туыстарына көңіл айтты. 

Тоқаев бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды:

- 64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны Бәріміз Бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз, –  деп жазды мемлекет басшысы.