Тоқаев дүнген баланың видеосына жауап берді

Jan 6, 2025 - 17:52
 4
Тоқаев дүнген баланың видеосына жауап берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дұңған баланың жолдаған видеосына жауап берді, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

«Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», - деп жазды Қазақстан Президенті Twitter желісінде.

Бұған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.