Тоқаев қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтатын Жарлыққа қол қойды

Jan 8, 2025 - 10:02
 1
Тоқаев қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтатын Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторын несиелендіруді кеңейту және халықтың қарыз жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп:

- жеке тұлғалардың микрокредиттері бойынша берешегін есептен шығаруға (кешіруге) байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістеріне салық салудан уақытша (үш жылға) босату;

- коллекторлық агенттіктер берешекті есептен шығарған (кешірген) жағдайда жеке тұлғалардың кірістеріне салық салудан босату.

Үкімет 2023 жыл 31 желтоқсанға дейін:

банктерге және микроқаржы ұйымдарына кредит беруді ұлғайту, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің ұйымдарынан агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жобаларды қоса қаржыландыру тетіктерін кеңейту бойынша шаралар қабылдасын.