Тау пістесі қайда өседі?

Jan 19, 2025 - 21:33
 4
Тау пістесі қайда өседі?

Табиғатына көз тоймайтын Түлкібас ауданы өзінің таңғажайып табиғатымен ғана емес, жеміс-жидек пен сан алуан түрлі өсімдіктер өсетін өлке болып ерекшеленеді.

Түлкібас ауданына қарасты Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне кіретін Тау Пістелі аймағының басты ерекшелігі – тау пістесі. Мұның кереметі – көктемде. Көктемде тау пістесі гүлдегенде, оның хош иісі бүкіл ауыл аумағын жайлап кетеді. Тау пістесі дегеніміз – фисташка. Кәдуілгі тікенекті бұтада өсетін жаңғақ секілді пісте. Бір ағаштан ары кеткенде екі-үш келі пісте алуға болатынын айтады мамандар. Қыркүйектің ортасына пісте толығымен піседі. Жаңғақ ағашына қарағанда, өнімді аз береді. Соған қарамастан, тау пістесін өсіріп бастағандар да бар.