Тарихтағы ең қасіретті эпидемиялар: Бубон обасы

Jan 19, 2025 - 21:31
 2
Тарихтағы ең қасіретті эпидемиялар: Бубон обасы

Эпидемиялардың адамзат тарихындағы өзіндік орны бар. Кейде соғыстан гөрі індеттің құрбандары көп болған замандар да өтті. Әдетте эпидемия ретінде белгілі-бір географиялық мекенде, мәселен, қалада көптеп шоғырланған адамдардың қандай-да жұқпалы ауруға шалдығуын айтады. Аурудың ауқымы бұл шеңберден де шығып кетсе, пандемияға ұласады.

«Бубон обасы» 

Бұл індетті тағы Қара өлім деп те атайды. Тарихшы ғалымдардың пікірінше, сонау 14-ғасырда қатерлі дерттің ошағына айналған Еуропада 75-200 миллионға жуық адам мерт болған. Бубон обасы бірнеше ғасыр бойы кәрі құрлықтың  әр түкпірінде белгі беріп отырды.   Қасіретті эпидемияның соңғы көрінісі 1600 жылы Лондонда орын алған.