Таразда дәрігерлер жаңа туған сәбилерді сатты деген күдікке іліндіv

Jan 8, 2025 - 01:56
 2
Таразда дәрігерлер жаңа туған сәбилерді сатты деген күдікке іліндіv

Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі қызметкері жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, жаңа туған нәрестелерді сату дерегін анықтады.

"Дерек бойынша 2023 жылдың 12 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды, Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының 2 медицина қызметкері қамауға алынды", - делінген прокуратура хабарламасында.