Тар аяқ киімді созудың жолдары

Dec 31, 2024 - 06:54
 2
Тар аяқ киімді созудың жолдары

Ең алдымен, мына әдіске назар салып көріңіз!

 Аяқ-киіміңіз тарылтатын болса, аяқ-киім дүкендерінде сатылатын созуға арналған көпіршіктерді пайдаланыңыз (пенка). Пайдалану әдісі: Аяқ-киімнің ішіне көпіршікті сеуіп қойып, кепкенше киіп жүріңіз. Әдісті бірнеше рет қайталап тұрыңыз.

Екінші жолына келетін болсақ,

 Тар аяқ–киімді етік тігетін шеберханаға апарыңыз. Өйткені, шеберханада арнайы аяқ-киімді созуға арналған құрал-жабдықтары болады.

Үшінші әдіс

 №1 халықтық ем болып табылады. Полиэтиленді пакетке су құйып, оны аяқ-киімнің ішіне салып қою. Аяқ-киімді мұздатышқа салып, 10-12 сағаттан кейін ала беруіңізге болады. Пакет мұз болып қатқаннан соң аяқ-киіміңіздің созылғанын байқайсыз.

Төртінші әдісте

 Халықтық №2 ем болып табылады. Тар аяқ-киімді спиртпен немесе одеколон,арақпен сүрту арқылы созуға болады. Одан кейін мақта шұлық киіп жүре тұрыңыз. Әдісті бірнеше рет қайталаңыз.

Дереккөз : anabol.kz

What's Your Reaction?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow