Түркістанды түлеткен Тұрашбеков облыс әкімінің орынбасары болды
Түркістан қаласы әкімдігінде ауыс-түйіс болды. Облыс әкімінің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Түркістан қаласының әкімі болып Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды. Бұл қызметті бұған дейін атқарған Нұрбол Тұрашбеков Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.
Н.Тұрашбеков Түркістан қаласының әкімі қызметіне 2021 жылдың маусымында келген болатын. Бұған дейін Түлкібас пен Ордабасы ауданына әкім болып, іскерлігімен елдің сый-құрметіне бөленген Тұрашбеков Түркістанды дамыту мен түлетуде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Осы үш жылда қалада көптеген нысандар пайдалануға берілді. Түркістан шын мәнінде тотыдай түрленген әсем қалаға айналды. Әкім тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, тек көпшіліктің көзіне түсетін орталықты гүлдендіруге ғана күш салумен шектелмей қала шетіндегі елді мекендердің, шағын аудандардың қордаланған проблемаларын шешуде де іскерлігін, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Жуырда өңірге ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанның бүгінгі келбетіне жоғары баға берді. Мұны облыс әкімінің қолдауына сүйеніп нақты қадамдар жасаған Тұрашбековтың атқарған жұмысына берілген баға деп қабылдауға да болады. Дархан Сатыбалдының оны өзіне орынбасар етіп алуының өзі осыны аңғартады. Облыс әкімінің орынбасары деген су жаңа қызметіне кірісіп кеткен Нұрбол Әбсаттарұлына ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресутар және табиғат пайдалануды реттеу салаларына бақылау жасайды.