Сәннен қалған гүл - мимоза

Jan 19, 2025 - 09:51
 6
Сәннен қалған гүл - мимоза

Статистика бойынша 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде ең көп сыйлатаны гүл – қызғалдақ. Мұның себебі қызғалдақ көктемнің келгенін білдіреді. Оның үстіне ол дүкендегі ең арзан гүл екен. Бірақ бертінге дейтін мерекенің басты символы қызғалдақ емес мимоза болған. Ашық хаттар мен газет беттері тек қана  мимоза гүлімен безендіріліп келген. Ал қазір бұл гүл сәннен шығып қалған.