Стақан соғыстыру қайдан шыққан?

Jan 19, 2025 - 09:51
 6
Стақан соғыстыру қайдан шыққан?

Той-томалақта, туған күн кештері мен мереке күндері дастархан басында бокал соғыстыратын әдетіміз бар. Бұл дәстүрдің қайдан шыққанын білесіз бе? Ерте кезде бай-бағландар жауын үйіне шақырып қонақ еткен екен. Сонда олардың бокалдарына у қосқан. Қауіп-қатерді сезген жаулары бокалды үй иелерімен қатты соғыстырған. Сонда шайқалған шарап екінші стақанға  араласып кетеді. Міне, осыдан-ақ кімнің ақ кімнің қара ниетті екенін білген.  Ал кейбір адамдар бокал соғыстыруды діни сеніммен байланыстырады. Әдетте хрусталь ыдыстар бір-біріне соқтығысқан кезде қатты дыбыс шығарады. Осы арқылы адамдар жын-шайтандарды қорқытып отырған екен.