Шөкеев мәлімдеме жасады

Jan 7, 2025 - 14:06
 1
Шөкеев мәлімдеме жасады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы жағдайға байланысты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеме жасады. 

Өңір басшысының айтуынша, бір түн ішінде Мақтаарал ауданындағы 4 елді мекенде тұратын 5 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Алдағы уақытта жұмыс тәртібі күшейеді. Ауданға Келес, Сарыағаш, Жетісай және Шардара аудандары көмектесетін болады. Әр ауданға бір ауылдан бекітілмек.  

-Мақтарал ауданы тұрғындарына айтарым, үрейге бой алдырмауымыз тиіс,-деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Өзбекстан Қазақстан жаққа су жіберуді тоқтатқанын мәлім еткен. Егер бұл мәлімет рас болып шықса, басқа елді мекендерді көшірудің қажеттілігі жоқ.