Шымкентте мектеп директоры мен орынбасары сотталды

Jan 8, 2025 - 17:48
 1
Шымкентте мектеп директоры мен орынбасары сотталды

Шымкенттегі №44 мектеп директоры мен оның орынбасарына және есепшісіне сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

--Кеше №44 мектеп директорының орынбасары және бас бухгалтері «өлі жандарға» заңсыз ақша аударғаны және қызметкерлерге жоғары жалақы төлегені үшін 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды.  Жұмысына салғырт қарағаны үшін мектеп директоры 6,9 млн теңге айыппұл төлеуге сотталды. Айыптау 700-ден астам қалалық мектеп директорлары мен бухгалтерлерінің қатысуымен жарияланды. Үкім заңды күшіне енген жоқ,--деп жазған Дәурен Ерғарин.